Ақтөбеде ауыл шаруашылығы өнімдері 2,7 пайызға қымбаттады

Көрнекі фото

Қырыққабат пен тауық жұмыртқасы қымбаттаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының Статистика департаменті хабарлағандай, өткен аймен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдері бағасы 2,7 пайызға өскен. Атап айтқанда, тауықтың жұмыртқасы – 29,1%, шошқа – 3,6%, үй құсы – 3,3%, мал және құс (тірілей салмақта) – 1,7%-ға қымбаттады.

Егін шаруашылығы өнімдерінің бағасы да біраз жоғарылаған. Баға дәнді дақылдарға – 5,3%, арпаға — 7,9%, қырыққабатқа – 26,9%-ға өсті.

Тек жуа мен картоп қана арзандаған.

Пікір қалдырыңыз