Ақтөбенің екі университетінде латын әліпбиінде жалпыхалықтық диктант өтеді

Диктанттың тақырыбы — «Рухани жаңғыру», деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

14 қараша күні сағат 10:00-де республикалық жалпыхалықтық ашық диктант өтеді. Тілдерді дамыту басқармасы шараны өткізуге екі жерді таңдапты. Біріншісі, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Гришин көшесіндегі факультеті, екіншісі, М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің 1 оқу ғимараты.

Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және «Қазақ» радиоларында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.

Пікір қалдырыңыз