Ақтөбеге «Н. Назарбаев: Дәуір. Тұлға. Қоғам» көшпелі мұражайы келді

Алдағы екі айда ақтөбеліктер «Н. Назарбаев: Дәуір. Тұлға. Қоғам» көшпелі мұражайын тамашалай алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін аудандық, ауыл кітапханашылары Ақтөбе қаласына келді. Алдымен музей ашылып, кейін «Н.Назарбаев: Дәуір. Тұлға. Қоғам» көшпелі мұражайының жәдігерлері көрсетілді. Музейдің ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Махмұд Қасымбек қатысты.

«Ақтөбе жерінде Елбасының көшпелі көрмесі ашылды. Бұған дейін көрме Алматы, Шымкент, Атырауда болды. Көрмені облыстардың 350 мыңға жуық тұрғыны қарап, тамашалады. Бүгін сол көрмені Ақтөбеге ұсынамыз. Көрменің Ақтөбеге келуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы зор болды. Президент арнайы тапсырма беріп, «Ақтөбе жұртына, еліне Атыраудан соң көрмені апарыңдар. Жақында Ақтөбеде болдым. Облыс орталығында, облыста үлкен оң өзгерістер бар» деп айтты», — деді ҚР Президенті кеңсесінің басшысы, музей директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбек.

Айта кетейік, көшпелі мұражайда 1 мыңнан астам жәдігер бар. Құнды құжаттар мен фото, бейнематериал жеткізілді. Елбасының өзге мемлекеттерден алған наградалары да түпнұсқа күйінде жеткізілген.

«Осыдан 27 жыл бұрын бабаларымыздың арманы орындалды. Өңіміз түгіл түсімізге кірмейтын қазақтың тілі БҰҰ Ассамблясында айтылды. Сарыарқаның төрінде ешкім ойламаған, ешкім сенбеген идея іске асып, Астана салынды. Сол Астанада бір үстелдің басында отырмайтын, сөйлеспейтін мемлекет басшылары, діни ұйым басшылары кездесті. Осының барлығы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы деп білеміз. «Тұлғалар ғасырлар тоғысында өмірге келеді» деген сөз бар. Дәл сондай тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл көрме тек ақтөбеліктерге емес, өңірге келген қонақтарға көрсетіледі, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз