Ақтөбе облысының бас имамы «Нұр Мүбәрак» Египет ислам университетінде оқып жатқан ақтөбелік студенттермен кездесті

Кездесуде студенттердің оқу ақысын өтеу, ортақ келісімшарт жасау мәселелері сөз болды. Өткен жылы өңір имамдары 860 000 теңгеге төрт студенттің оқу ақысын төлеп берген болатын, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өкіл имам жастарды өңірге діни қызметке шақырып, жас мамандарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, діни қызметтің жауапкершілігі, білім үйренудің артықшылығы туралы сөз етті. Ақтөбе өңірінің тумасы, университет проректоры Қайрат Құрманбаев та жерлестерін жігерлендіріп, еңбекте табанды болу жайлы ағалық ақыл-кеңестерін айтты.

Биыл «Нұр Мүбәракта» оқитын студенттердің тоғызы оқуын бітіреді деп күтілуде. Ал жалпы университет түлектерінің ішінде 18 маман бүгінде Ақтөбеде діни қызмет етуде. Қазіргі таңда 173 ақтөбелік елдегі діни оқу орындарында білім алып жатыр.

Пікір қалдырыңыз