Жат ағыммен күресіп жүрген Ақтөбе облысының имамдары алаңда доп тепті


Хромтау қаласында Ақтөбе имамдары арасында футболдан ашық турнир өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Салауатты тұрмыс салты – маңызды сүннет» атты футбол турнирінде қала, аудан имамдары үш топқа бөлініп өзара сайысқа түсті.

«Елбасы өзінің кезекті жолдауында халықты салауатты өмір салтына баулып, спортқа бейімдеу керектігін айтқан болатын. Осы мақсатта облыс имамдары арасында футболдан турнирі өтті. Ойын өте қызықты болды. Жарыста жеңімпаз атанған командаларды құттықтаймын, — деді Хромтау аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исембайұлы.

Жарыс қорытындысы бойынша облыстың бас имамы Төлеби Оспан бастаған «Нұр-Ғасыр» командасы бірініші орынды иеленді. Екінші тұғырға Ақтөбе қаласы орталық мешітінің командасы шығып, үшінші орынды жергілікті «Нұр» мешітің имамдары иемденді.Командаларға алғыс хат, медальдар мен арнайы кубок табысталды.

Пікір қалдырыңыз