Ақтөбеде үздік әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Бүгінде облыс көлемінде әлеуметтік салада екі мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Қоғамға көмегін тигізіп жүрген жандардың кәсіби мерекелері салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов барша қызметкерге алғысын білдіріп, мерекелерімен облыс басшылығы атынан құттықтады.

«Ең бірінші облыс басшылығы атынан қоғамдық қызметкерлерді құттықтаймын. Бұл мереке 2011 жылы Казақстан Президентінің жарлығымен бекітілді. Халықты әлеуметтік қорғау елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың ең маңызды бөлігі. Сіздер ерекше жансыздар», — деді өңір басшысының орынбасары.

Мерекелік кеш барысында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлер» республикалық конкурсының жеңімпаздары және еңбек ардагерлері, белсенді жұмысшылар марапатталдды.

Өңірлік конкурстың нәтижесі бойынша жеті номинация табыс етіліп, еңбектеріне жеміс тіледі. Шара соңында әлеуметтік қызметкерлер алғаш рет сахнада өз әнұрандарын орындап, мамандарға мерекелік көңіл сыйлады.

Пікір қалдырыңыз