Ақтөбелік келіншек ерекше балаларға домбыра тартуды тегін үйретіп жүр

Гүлсана Мағзымбетова домбыра тартуды нотасыз үйретеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде өзінің жеке шығармашылық орталығы бар Гүлсана Мағзымбетова жаңа әдістемені ойлап тапқан. Өзінің жаңашылдығын патенттеуге де үлгерген.

«Домбыраны нотасыз, сансыз, түстермен және геометриялық фигуралармен үйретемін. Геометриялық фигуралар – бұл саусақтар, ал жеті нотаны жеті түске аудардым. Меңгеру өте оңай. Қазір ерекше балаларды да үйретемін», — дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Айтуынша, бұрын-соңды аутист балалармен жұмыс істеп көрмеген. Бірақ ата-аналары өтінішті көп тастағасын көңілдерін қимаған.

«Нәтиже бар. Сұраныс өте көп. Бұрын тек 7 ерекше баланы оқытсам, қазір 15 шақты оқушы болып қалды. Өзімнің жеке студиям бар. Ондағы ерекшелік – баланы 4 жастан бастап үйретеміз. Жас ерекшелігіне шектеу қоймаймын. Тіпті 60 жастағы оқушым да бар. Менде барлық мүгедектер тегін оқиды», — дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Пікір қалдырыңыз