Ақтөбелік Димаш Құдайберген ресейлік шоу-бизнесті де бағындырмақ

Продюсер Игорь Крутой əнші Димаш Құдайбергенге жаңа əн жазып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Бүгін НТВ ресейлік телеарнасының тікелей эфирінде Димаш Құдайберген əн шырқады. «Любовь уставших лебедей» атты жаңа əнді продюсер Игорь Крутой жазып берген. Димаштың керемет орындауына таңғалған тележүргізуші Вадим Такменев қазақстандық əншіге ресейлік шоу-бизнеске келуді ұсынды.
«Ресейге келгеніңе көп рақмет! Ресейлік шоу-бизнестен біреулерді ығыстырғың келмей ме?», — деп жүргізуші сұрады.
«Егер менің ұстазым Игорь Крутой болса, онда бəрі жақсы болады деп ойлаймын», — деді Димаш Құдайбергенов.