Ертең Ақтөбеде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақтөбе халқына Қызылорда облысының елуге жуық тауар өндірушілері 150 тоннадан аса өнім түрлерін ұсынатын болады.
Оның ішінде балық, дақыл, көкөніс, сүт, ет өнімдері және таза ара балы қойылатын болады.

Жәрмеңке ертең «Әлия» сауда базарының алдында өтеді.

Пікір қалдырыңыз