Биыл Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық артқан

Фото: lawyer-expert.ru

Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқықбұзушылық бөткен жылмен салыстырғанда биыл көп тіркелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Заңды бұзғандардың ішінде жиі кездесетіні жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғылықты жерінен тыс болуы.

«Кәмелетке толмағандардың ішінде биыл әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 1836 жасөспірім жазаға тартылды. Өткен жылы дәл осы мерзімде 1747 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сағат 23.00-ден кейін көшеде жүру фактісі көп тіркеледі. Ол үшін олардың ата-анасына айыппұл салынады», — дейді Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қайсар Байдалиев.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінен Ақтөбе қаласы он бірінші орынға тұрақтаған.

Пікір қалдырыңыз