Ақтөбеде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өтеді

Фото:Baq.kz

Ақтөбеде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шара 14 қарашаға жоспарланған.

 Тұңғыш Президент күніне орай «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өтеді. Көрменің ашылуына ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ди⁠ректорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысады деп жоспарланды. Көрменің ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Б. ҚасымбековтіңҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және студент жастарымен кездесуі өтеді.

Айта кетейік, қор көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты саласы. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлердің мазмұнын баяндап қана қоймай, сондай-ақ тарихи артефактілердің тікелей көруге мүмкіндік береді. Көрме 14 қараша күні сағат 15:00 С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада кітапханасында болады. Сағат 19:00-де Өнер орталығында «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының басталуына орай облыс жұртшылығы үшін ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылғы қарашада Алматыдан бастау алып, 2018 жылғы ақпан айында Түркістан облысында жалғасты. Ал қыркүйек айында Атырау облысында табысты өтті. Жалпы 2017-2018 жылдары көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалады. 2019 жылғы қаңтар айына дейін өтетін көрме сарапшылар қауымдастығының, ғалымдардың, мәдениет және білім саласы мамандарын біріктіретін ерекше форумға айналатын болады.

 

Пікір қалдырыңыз