Ақтөбе облысының мешіттері жылды қорытындылады

Хромтау қаласында Ақтөбе өкілдігінің облыс мешіттеріндегі жыл жұмысын қорытындылауға арналған көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала және ауданның Бас имамдары діни басқарма бекіткен төрт бағыт аясында 2018 жылы атқарған іс-шараларды баяндап, өкіл имамға есеп берді. Соның ішінде, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, оқу-ағарту, діни қызмет сапасын жетілдіру, қайырымдылық бағытындағы шаралары, мешіттерде жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстары баяндалды.

2018 жылыо блысқа 12 имам діни қызметке тартылып, өңірдегі діни мамандар саны 111-ге жетті. Оның ішінде, діни қызметкердің жоғары және орта діни білімді мамандар саны – 76, яғни, 68,4 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға өсіп отыр.

«Мектепке жол» акциясы аясында 680 бала мектепке дайындалып, оған 3 400 000 теңге қаражат жұмсалған. Құрбан айт кезінде 2559 адамға 15 тонна 107 келі құрбандық еттері таратылған.

Қала, аудан мешіттеріндегі жекелеген жұмыстары бойынша Ақтөбе қаласына қарасты мешіттерде 6 927 400 теңге көлемінде қаржылай, 9916 кг азық-түлік пен көмек көрсетілсе, Байғанин ауданы мешіттерінің ұйытқы болуымен бір отбасыға баспана сатып алып берілді. Ал Мұғалжар ауданында 3 млн теңгеден астам қаражатпен көмек беріліп, оқушыларға шәкіртақы тағайындау шарасы үзбей өткізіліп, Қандыағаш-Ақтөбе бағытында тегін такси секілді игі шаралар ұйымдастырылған.

Пікір қалдырыңыз