Ақтөбеліктерді жер мәселесіне қатысты тегін кәсіби кеңес алуға шақырады

Жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі Бақытжан Базарбек ақтөбеліктерге тегін семинар өткізбек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аталған семинар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырылған. Негізгі мақсат – тұрғындардың жер мәселесіне қатысты құқықтық мәдениетін арттыру.

Семинарға қатысу үшін 8 (7132) 54-12-52 нөміріне немесе 8(771)688-38-22 WhatsApp мессенджері арқылы алдын ала жазылуыңыз қажет.

Пікір қалдырыңыз