Оқушы өлімі: Оқиға прокуратураның бақылауына алынды

Ақтөбеде оқушы Інжу Жанкинаның өлімі прокуратураның бақылауына алынды. Тексеру қорытындысынан соң іс сотқа жолдануы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде оқушы Інжу Жанкина 3 қараша күні түстен кейін көз жұмды. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желі арқылы бейнематериал тараған кезде ғана тексеруді қолға алды.

«Бейнематериал шыққан соң прокуратура тексеруге тапсырма берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының, тәуелсіз комиссияның тексеруінен соң қорытынды материал прокуратура, сотқа жіберіледі. Оқиға прокуратураның бақылауында тұр. Жауапты адамдар жұмыстан шығарылады», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Оның айтуынша, бұл жағдай жедел жәрдемнің жекеге өтуіне еш қатысы жоқ.

Пікір қалдырыңыз