Бақшасында есірткі өсірген ақтөбелік азамат тәртіп сақшыларының назарына ілікті

Көрнекі фото

Нәтижесінде өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті азамат өсiруге тыйым салынған төрт түп сора егіп өсірген. Сондай-ақ, оны пайдалануға жарамды болып пісуі үшін суарып, баптап күткен. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес сотталушының бақшасынан табылған төрт түп өсімдіктің есірткі заты екендігі анықталған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз