Ақтөбеде өтіп жатқан «Атаулар сыр шертеді» байқауы өз мәресіне жетті

Туған өлкесін тану мен зерттеуге үлес қосуын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жоба аясында үздіктер марапатталды. Шараға барлығы 270 үміткер қатысқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап университет студенттеріне дейін қамтылған ғылыми-шығармашылық байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде 5-6 жастағы тәрбиеленушілер арасында «Менің балалбақшам, көшем, қалам» тақырыбында көркемсурет байқауы өтсе, екінші кезеңде 1-7 сынып оқушылары арасында «Ұлықталған есім-ұрпаққа үлгі» тақырыбында эссе жаазу ұйымдастырылды. Ал үшінші кезең бойынша 14-21 жас аралығындағы мектеп оқушылары, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында топонимді зерттеу байқауы жүргізілді.

Қорытынды нәтижесі бойынша үздік жұмыстар «Терең білімді автор», «Ең өзекті тақырып», «Ізденімпаз автор», «Ең мазмұнды зерттелім», «Үздік авторлық ұстаным» номинацияларына ие болды.

Пікір қалдырыңыз