Кәмелетке толмаған ақтөбелік сексуалдық зорлық жасағаны үшін сотталды

Көрнекі фото: Zakon.kz

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша іс қаралды. Жабық қаралған іске үкім шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде Б. -ның бұрын сотталмағандығын, кәмелетке толмағанын, жағымды мінезделетінін, жәбірленуші тараптың қояр талабы жоғын және қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай анықталмағанын ескерді. Сот үкімімен сотталушы Б. Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сотталушы өмір бойы білім беру, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу саласында еңбек ету құқығынан айырылды.

Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдырыңыз