Ақтөбеде күзгі шақырылымда келгендер әскери дайындықты бастады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері күзгі шақырылым кезінде келген сарбаздарды дайындауға кірісті. Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларына келген сарбаздар 17 қараша мен 1 желтоқсанда ант қабылдайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен жас сарбаздар қазір дайындық курстарын бастады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау, Ақтөбе және Ақтөбедегі әскери бөлімдер 500 сарбазбен толықты.

«Олар жалпы әскери дайындықтың негіздерін зерделейді, әскери қимылдарды үйреніп, білімін жетілдіреді. Жас сарбаздарға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалды. Отан алдындағы борышын өтеуге келген жастардың білімі, мамандығы ескеріліп, оларға әскери қызметшінің жеке ерекшеліктері үйретіледі. Дайындық курсы аяқталған соң мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ант қабылдайды. Биыл күзде ҚР Қарулы Күштеріне 1992-2000 жылдары туған 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланды», — деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ақтөбелік жастар таяуда ғана Отан алдындағы борышын өтеу үшін Ақтау қаласы аттанды.

Пікір қалдырыңыз