Ақтөбе әкімдігі бір бөлмелі 500 пәтердің иесін «іздеп» жатыр

Фото: kremlk.ru

Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында 1 бөлмелі 500 пәтердің сатылымға шыққанын хабарлады. Пәтер тұрғын үй кезегіндегі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есепшоты бар адамдарға беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласы әкімдігі бір бөлмелі пәтерлерді сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Пәтерлер «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында орналасқан. Аудағы 32 және 54 шаршы метр болатын 500 пәтерді алуға болады. Пәтердің 1 шаршы метрі 100-120 мың теңгені құрайды. Егер кезекте тұрған азаматта тұрғын үй құнының 10 пайызы болса, қалған 10 пайызы субсидияланады. Бұл қаржыны 5 жылда кері қайтару қарастырылған. Мысалы, 45 шаршы метр пәтердің құны 4 950,0 мың тг. Мемлекеттік бюджеттен 495 мың теңге бөледі. Ал қарыз алушы азамат бұл ақшаны 5 жыл ішінде қайтарады. Ай сайынғы төлем — 8 250 тг», — деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйдегі пәтерлерге өтініш беру үшін ақтөбеліктер 6-9 қараша күндері аралығында Халықтық кеңсеге баруы тиіс. Пәтер беру Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе атқарылып жатыр.

Пікір қалдырыңыз