Әйгілі құрылыс холдингі BI Group Ақтөбеде қандай ғимарат салмақ?

Ақтөбеде жергілікті сауда нысандарына бақталас болатын ірі гипермакеттер желісі тұрғызылмақ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі «Шығыс» сауда үйіне қарама-қарсы жерде BI Group-тың коммерциялық жобасы жүзеге асырылмақ. Мұнда үйге қажетті заттар сататын ірі гипермаркет салынады. Оның ауданы – 30 мың шаршы метр, құны 10,5 млрд теңгені құрайды. 300 ақтөбелікті жұмыспен қамтиды деп жоспарланып тұр.

«Қазір қала әкімдігі «Шығыс» базарына қарама-қарсы жерден 7 га бөліп берді. Енді қалған 4 га жер бойынша аукцион өтіп жатыр. Егер қараша айының соңына дейін жер мәселесі шешілсе, инвестор құрылысты бастап кетуге дайын», — деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Әнуар Маханов.

Сондай-ақ, корпорация басшысының сөзінше, холдинг өкілдері болашақ гипермаркеттің тауарларын мүмкіндігі шектеулі адамдар мен зейнеткерлерге 10-15 пайыздық жеңілдікпен сатуға әзір.

Пікір қалдырыңыз