Автобус өрті: Үкім шығатын уақыт белгілі болды

Male Judge Writing On Paper

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында өтіп жатқан автобус өртіне қатысты сот отырысы аяқталды. Үкім шығатын уақыт белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы көз жұмды. 2018 жылдың18 қаңтарында болған оқиға кезінде үш жүргізуші мен механик, құрылтайшыға айып тағылып, автобус иесі Мехтеевке іздеу жарияланды. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қараша күні үкім оқылады.

Айта кетейік, прокурор Усман Орынбасарұлы үш жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан, 7 жылға көлік басқару құқығынан айыруды сұрады. Ал механик пен құрылтайшы 7 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жылға басшылық қызметтен шеттелуі мүмкін. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде өтеуі ықтимал.

Пікір қалдырыңыз