Ақтөбелік жекпе-жек шебері Сергей Морозов кезекті жеңісіне жетті

Аралас жекпе-жек шебері Челябинскіде өткен M-1 Challenge 98 турнирінде қарсыласын басымдылықпен жеңді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сергей Морозов пен Баир Штепин арасындағы жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан Сергей Морозовты турнир жеңімпазы деп шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, бұл 28 жастағы ақтөбеліктің спорттық мансабындағы он үшінші кездесуі. Соның тоғыз жекпе-жегінде жеңіске жетіп, төрт рет жеңілді.

Пікір қалдырыңыз