Ақтөбедегі театр онлайн-билет сатуға көшті

Фото: Yvision.kz

Т.Ахтанов атындағы драма театр онлайн билеттер сатып жатыр. Қараша айында онан астам қойылымды тамашалауға болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында театр Қазақстан мен алыс-жақын шет мемлекеттерге аса танымал, рейтингі жоғары TICKETON.KZ және KASSIR.KZ сайттарына тіркеліп, өз қойылымдарының билеттерін онлайн жүйеде сату тәртібіне көшті. Онлайн билеттердің сатылымға шыққанына 1 ай болды», — деп хабарлады драма театр әкімшілігі.

Айта кетейік, драма театрда 10-қараша күні Р.Кунидің «Смешные деньги», 11-қараша күні А.Курейчиктің «Осторожно женщины», 14-15 қарашада У.Шекспирдің «Гамлет» қойылымы сахналанады. Ал 17-қараша күні «Махаббат қызық мол жылдар» концерті болады. 18-қарашада Г.Хугаевтің «Черная бурка», 20, 29 қараша күндері М.Әуезовтың «Айман-Шолпан», 21-қарашада Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы», 22-қарашада Гогольдің «Ревизор», 27-қарашада М.Байджиевтің «Махаббат жағлауы», 30-қарашада Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» қойылымы болады.

Пікір қалдырыңыз