Ақтөбеде 150 бала иппотерапия әдісімен ем алады

Ақтөбе облысы бойынша биыл 150 мүгедек бала иппотерапия әдісімен емделеді. Атқа мініп, бой сергіткен балалар үшін емнің бұл түрі ерекше әсер етеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі «Тарлан» медициналық орталығы соңғы жылдары балаларды иппотерапия әдісімен емдеп келеді. Алғашқы жылы 115, кейін 120 бала емделсе, «Бақытты бала» жобасы аясында 150 бала қамқорлыққа алынды. Мұнда балаларға арнайы тәжірибесі бар мамандар көмектеседі.

«Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін атқа мініп, серуендеу таптырмас ем. Олар тік отыруды, аяқ-қолын игеруді үйренеді. Сонымен қатар, қан айналымы жақсарып, бұлшық ет қозғалады. Бір орында тұрмайтын, өте белсенді балалар сабырлылықты үйреніп, жүйке жүйесі тынышталады», — деді орталық ди⁠ректоры Салтанат Ерімбетова.

Айта кетейік, облыс орталығындағы иппотерапия еміне Қобда, Шалқар, Алға, Хромтау, Қарғалы аудандарынанкеледі. Олар үшін Ақтөбе қаласында арнайы манеж салынып жатыр. №10 ат спорты мектебі жанында көрсетілетін ем кез келген балаға пайдалы емес. Сондықтан дәрігерлер баланы тексеруден өткізіп, ем түрін анықтайды. Кейін арнайы оқытылған мамандар ережеге сай оңалту жұмыстарын жүргізеді.

Пікір қалдырыңыз