Ресей Украина азаматтары мен компанияларына санкция салды

Көрнекі сурет

Ресей Украинаның 322 азаматы мен 68 компаниясына қарсы санкция салды. Санкция туралы қаулыға 1 қараша күні Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев қол қойды. Құжат Ресей үкіметінің ресми сайтында жарияланды, деп жазады Азаттық.

Санкция тізіміне министрлер, оның ішінде Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков, депутаттар мен бизнес өкілдері енгізілген.

22 қазанда Ресей президенті Владимир Путин «Украинаның Ресей азаматтары мен заңды тұлғаларына қарсы жаулық ниеттегі әрекеттеріне байланысты» экономикалық шектеу шараларын қолдану туралы жарлық шығарған.

Путин үкімет басшысына санкция салынатын украиналық жеке және заңды тұлғалар тізімін дайындауды және шектеу шараларын анықтауды тапсырған.

Кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков санкциялардың Ресей аумағында жүрген Украинаның қарапайым азаматтарына әсері болмайтынын мәлімдеген. Ол Украинаның «қырсық» билігі» болмаса, украин халқының өзі «бауырлас» болып қала беретінін айтқан.

Пікір қалдырыңыз