ҚР Қорғаныс министрлігінің ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлері

Бүгін Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Сейткерим Сапарбайулы Арапбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Халқына жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Осы орайда біз сізден кей мәселелер бойынша сұхбаттасуды жөн көрдік.

— Полковник мырза Ақтөбе облысында қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен бөлімдері қандай мемлекеттік қызметтер көрсететінін айтып өтсеңіз?

— Қазіргі таңда жергілікті әскери басқару органдары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда:
• «Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру»;
• «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру»;
• «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру»;
• «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру»;
• «Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру»;
• «Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру»;
• «Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру»;
• «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру»;
• «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау».

— Әскерге шақырылушыларға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру стандартына тоқталсаңыз, осы жөнінде толық айтып берсеңіз?

— Бұл қызмет түрі әскерге шақырылушыларға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру стандартына:
1) он жеті жасқа толған жылы қаңтар-наурызда тіркеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде;
2) тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде;
3) тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде;
4) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде көрсетіледі.

— Сонымен қатар Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру стандарты туралы айтсақ:

1) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткендерге;
2) әскери қызметтен запасқа шығарылғандарға;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
4) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге; 5) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде;
6) запастағы офицер әскери билетін жоғалтқан кезде;
7) запастағы офицердің әскери билеті бүлінген кезде;
8) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде;
9) офицерлер құрамының әскери атағын қайта қалпына келтіргендерге.

— Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беруге тоқталсақ:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге жататын 27 жасқа толмаған әскери міндеттілерге;
2) әскерге шақырудан кейінге қалдырылуына байланысты әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
4) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар арнайы оқу орындарының күндізгі бөлімшелерін бітіргендерге;
5) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге;
6) білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін әскери-есептік мамандықтар алған және әскери есепке қоюға жататын әйелдерге;
7) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде;
8) запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билетін жоғалтқан кезде;
9) запастағы сарбаздар, сержанттар әскери билеті бүлінген кезде;
10) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде;
11) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азаматтарға;
12) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылатын әйелдерге.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру және жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамаларды беруге келсек:

ҚР ҚМ 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығының талаптары негізінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін (куәлік беру үшін) ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. Жергілікті әскери басқару органы (бұдан әрі – ЖӘБО) кейіннен өтініш берген жеке тұлғаны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.
Егер бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызмет мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру бойынша:

Қызмет алушы ХҚКО-на келген кезде қызмет түрін дұрыс көрсетуі тиіс. Кейбір уақытта қызмет түрінің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты құжаттар іске асырусыз кейін қайтарылады. Сондықтан қызмет алушы өтінішін толтыру кезінде қызмет түрінің дұрыс көрсетілуін қадағалауы жөн.

Қазіргі таңда, кей азаматтар әскери билетті 40 күн оқып та алады. Бұған қандай жастар оқи алады? Арнайы бекітілген талаптар бар ма?

— Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға:
— Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
— Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған 24 жастан 27 жасқа дейінгі әскери шақырылушылар тартылады.

Өндірістен қол үздіріп өтеулі негізінде даярлықтан өтетін әскерге шақырылушылардың оқыту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Пікір қалдырыңыз