Бүгін Ақтөбеде «Жас барыс» атты облыстық жастар форумы өтеді

Аталмыш шараға қала және аудандардан 1200 жас қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елбасы жолдауында алдағы жылды жастар жылы деп бекітті. Алдағы уақытта Республикалық еріктілер слеті Ақтөбе қаласында өтеді.
«Жас барыс» форумы барысында қоғам, спорт және өнер саласында жүрген жастар марапатталады. Арнайы қонақ ретінде қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев шақырылған.

«Форум екі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім түстен кейін болады. Салтанатты ашылуы болып, келесі жылға ұсыныстар айтылады. Өз ортасының белсенді жастарын марапаттаймыз. Түске дейінгі уақытта бірінші бөлігі өтеді. Он секцияда арнайы спикерлердің көмегімен тренинг-семинарлар ұйымдастырылады», — дейді облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Пікір қалдырыңыз