Ақтөбеліктер ана тілін ұмыта бастаған Ресейдегі қазақ диаспорасына сабақ жүргізіп келді

Тілдерді дамыту орталығы шетелдегі қазақ диаспорасына ана тілін меңгеру үшін әдістемелік қолдау көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған қазақ тілінен ашық сабақтар, лингвистикалық тренинг, викториналық ойындар өткізді. Қазақ тілінде жүргізілген тренингтерге қатысушылар белсенді түрде араласып, тапсырмаларды оңай орындады.

Кездесу барысында «Әлем» қазақ автономиясының ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының қазақ тілі оқытушысы Рыскүл Сәтбаева өз пікірімен бөлісті.

«Бүгінгі шараны біз үшін өте маңызды әрі құнды деп айта аламыз. Себебі ол қазақ мәдениеті мен тіліне қызығушылықты арттыру үшін бірден бір импульс тудырды. Сіздің ұжымға алғыс айта отырып, болашақта қарым қатынасты нығайтқымыз келетінін жеткіземіз», — деді ол.

Пікір қалдырыңыз