Ақтөбеде балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру уақытша тоқтатылды

Ақтөбеде балабақшаларды сенімгерлікке беру жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы бойынша барлығы 9 балабақша сенімгерлік басқаруға берілді. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасады.

«Балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру тоқтатылып тұр. Комиссия жұмыс жүргізіп, келесі аптада қорытындысы айтылады. Бірақ заманға сай балабақшалар жекеменшікке беріледі. Жоспар бойынша 2018-2019 жылдары 10 балабақшаны сенімгерлік басқаруға өтеді. Балабақшалардың көбі 1974, 1975 жылдары салынған. Оларды жөндеуге көп қаржы керек. Бізде шешім бар, ешқандай заңға қайшы емес», — деді қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова.

Пікір қалдырыңыз