Ақтөбеде білім алып жатқан атақты емші Ерболсын «Күз ханзадасы» атанды

Бүгінгі таңда жан-жақты өзін дамытумен айналысып жүрген Ерболсын білім алып жатқан оқу орнының белсенді студенті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Емші бала Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Медициналық-әлеуметтік колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сонымен қатар, сол білім ордасындағы жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді студенті. Мерекелік шараларда әр тілде ән айтып қана қоймай, түрлі ұлттың биін де билейді.

Кеше ғана колледждің ұйымдастыруымен өткен «Алтын күз – 2018» жұптық байқауына қатысқан Ерболсын бас жүлдені жеңіп алды. Қасындағы жұбы «Күз ханшайымы» атанса, өзі «Күз ханзадасы» номинациясына ие болды. Аталмыш шарада өнер көрсету сәтінде Ерболсын үнді биін билеген.

View this post on Instagram

🤩🤩🤩

A post shared by Ерболсын Серикбаев (@erbolsynserikbaev) on

Ақтөбеге көшіп келген емші бала бұрынғыдай үйінде емес, қазір халықты өзінің кеңсесінде қабылдайды екен.

Пікір қалдырыңыз