Ақтөбе облысында бір күнде 900-ден астам жол ережесі бұзылған

Көрнекі фото: politeka.net

Арнайы алдын алу шарасы барысында полицейлер жол ережесін бұзған ақтөбеліктерді жауапқа тартты.

Бір күннің ішінде жол полицейлері ереже бұзған 900-ден астам адамды байқады. Атап айтқанда, мас күйінде 18 ақтөбелік көлік айдаған, жол қиылысында 15 жүргізуші ережені сақтамаған, жаяу адамға жол бермеген 34 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ жол ережесін бұзған 120 жаяу жүргінші де полицейлердің назарына түсті.

Пікір қалдырыңыз