Алдағы сенбіде Ақтөбеде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Сенбі күні «Алия» сауда базарының алдында қорытынды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Барлық өнім қаланың басқа базарларына қарағанда 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге қаланың 40-тан астам жергілікті тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары және ірі көтерме жеткізушілер қатысады. Солардың ішінде ірі компаниялар «Актобе Жылыжай» ЖШС, «ИзетГринхаус» ЖШС, «Болат ЛТД» ЖШС, «Айбек» АӨК, «Базарларды басқару», «АгроОптСервис» ЖШС, «Алдияр» ШҚ сынды ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ерекше айтуға болады.

Пікір қалдырыңыз