«Бақытты бала»: Халықаралық жарыста Хромтаудың қыздары екінші орын алды

«Бақытты бала» жобасы аясында және Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығына орай волейболдан қыздар арасында халықаралық жарыс өтті.

21 қазан күні 12-13 жастағы жасөспірім қыздар арасында волейболдан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл туралы Хромтау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының Новокуйбышевск қаласының командасы І орынды иеленді. Ал тек ақтық ойында ғана жеңіліс тапқан «Хромтау-2005» командасы ІІ орынды қанағат тұтты. ІІІ орынды Екатеринбург қаласының жас волейболшылары жеңіп алды. Жүлделі орынды иеленген командаларға аудан әкімі алғыс хат, медальдар мен арнайы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ, турнирде «Хромтау-2005» командасынан Альбина Демесін, «Соль-Илецк-2» командасынан Марина Баландина, «Хромтау-2006» командасынан Аружан Төлеу, «Соль-Илецк-1» командасынан Яна Валеева, Оренбург қаласынының командасынан Елизавета Скуратова, Новокуйбышевск қаласының командасынан Анастасия Сараева және Екатеринбург қаласының командасынан Ульяна Зайцева «Үздік ойыншы» атақтарын иеленді.

Үздік ойыншыларға жарыстың бас төрешісі Ринад Ергазин Ақтөбе облысы Волейбол Федарациясының арнайы сыйлықтарын табыстады.

Пікір қалдырыңыз