Финляндия-Қазақстан-Қытай маршруты бойынша жүк пойызы жүре бастады

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Финляндия астанасы Хельсинки мен Қытайдың Хэфей қаласы аралығында жаңа жүк пойызы жүре бастағанын хабарлады. Жүк пойызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Жаңа маршрут бойынша айына сегіз жүк пойызы жүреді деп жоспарланған.

Былтыр Финляндияның Коувола қаласы мен Қытайдың Сиань қаласы аралығында алғашқы жүк пойызы жүре бастаған. Бұдан соң Қытайдың Қазақстан арқылы Финляндияға және Скандинавия елдеріне тасымалдайтын тауар көлемі ұлғая бастаған.

2017 жылы Финляндия-Қазақстан-Қытай маршруты бойынша 31 жүк пойызы, ал биыл сегіз айда 46 жүк пойызы жүрген.

Пікір қалдырыңыз