Ақтөбе облысының бас санитары өңірде ахуалдың тұрақты екенін айтып ант-су ішіп отыр

Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы биыл туберкулез дертіне шалдыққандар саны 11 пайызға азайғанын айтты.

«Ақтөбеде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жүргізіліп отырған профилактикалық жұмыстар нәтижесінде туберкулез 10 айда 11,2 пайызға төмендеді. Туберкулезге шалдыққан балалар саны 28,7 пайызға азайды. Ал №10 орта мектептегі жағдайға келер болсақ, 5 қазан күні қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарлама түсті. Жедел түрде тексеру өтіп, дезинфекция жасалды. Балалар жаппай тексеріліп, дерт белгілері анықталған балаларды дәрігерлер тексеріп жатыр», — деді Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, №10 орта мектептің 4-сынып оқушысы жазғы демалыста Атырау облысының Құлсары қаласына барған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Құлсарыдағы әріптестеріне жедел хабарлама түсірді.

фото: sprotyv.info

Пікір қалдырыңыз