Ақтөбе облысында жыл басынан бері 18 адам туберкулезден көз жұмды

Ақтөбе облысы бойынша 679 бала туберкулезге қарсы арнайы сауықтыру орындарында жатыр. Биыл барлығы 9 баладан туберкулез анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

 «Негізі Ақтөбеде жыл өткен сайын туберкулезге шалдыққан адамдар саны азайып келе жатыр. Облыстың 5 ауданында санаторий бар. 700-ге жуық бала санаторийде ем қабылдайды. Оның көпшілігі облыс орталығында. Биыл барлығы 9 баладан туберкулез анықталды. Балалар сауықтыру орындарында 4-6 ай ем қабылдайды», — деді Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.

Айта кетейік, биыл 18 адам туберкулез дертінен көз жұмды.

Пікір қалдырыңыз