Ақтөбеде электр тоғына түсіп қалған 9 жасар балаға көмек керек

Шалқар ауданында мектеп ауласында тұрған трансформатор тоғына түсіп, екі қолынан айырылған Дамир Фаткулиннің жағдайы әлі де ауыр. Дәрігерлер оқушының ауруханада ұзақ емделетінін айтты.

«Баланың жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Тағы да ота жасау керек. Кеудесінде, көкірек клеткасы, аяғында әлі де төртінші дәрежелі күйген жерлер бар. Ұзақ ем керек», — дейді дәрігер Талғат Артықбаев.

10 мың вольттық тоққа түсіп, екі қолынан айырылған бастауыш сынып оқушысы көп балалы отбасынан. Дамирдің анасы ұлына жасанды қол жасатуға көмек сұрайды.

«Баламның аман қалғанына шүкір деп отырмын. Орнын сипатып кеткенде не істер едік. Өсіп келе жатқан балам екі қолынан айырылды. Менің оған қол салып беруге қазір жағдайым жоқ. Көмек көрсетемін деушілер болса қуана қабылдар едік. Осы қалаға оқиға болған кезде мектеп қызметкерлері жинап берген 32мың теңге ақшамен келдік», — дейді анасы Гулмира Фаткулина.

Гүлмира Фаткулина — жеті баланың анасы. Отбасыға көмек көрсетемін деушілер мына телефонға хабарласа алады.

8771 185 82 78 Гүлмира Фаткулина

Пікір қалдырыңыз