Жастардың табысты болуы үшін оларға қажетті барлық жағдайды қазір жасау керек — Елші

Жастардың табысты болуы үшін оларға қажетті барлық жағдайды қазір жасау керек. Бұл туралы ҚР Президентінің биылғы Жолдауына қатысты пікір білдірген Аргентинаның Росарио қаласындағы қазақстандық мәдени орталықтың директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлем Елшісі Ирина Вагнер айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, әрбір азаматтың өзін мемлекеттегі жалпы ілгерілеудің құрамдас бөлігі ретінде сезінуі Елбасы Жолдауының өте маңызды психологиялық сәті болып табылады. Мемлекеттің тұрғындардың жеке әл-ауқатына алаңдаушылық білдіретіні әрқайсымыздың бойымызда қайтарым сезімін оятатыны сөзсіз. Президенттің басқару үлгісін ажыратып көрсетіп отырған нақты жоспарланған әрекеттер қазақстандықтардың бойында бүгінгі тұрақсыз әлемде тыныштық пен қорғалу сезімін ұялатады. Қоғамдық сананы жаңғырту процесінің аясында маған ең маңызды болып көрінген бірнеше тармақты атап көрсеткім келеді. Олар: мектепалды білім беру сапасын көтеру, педагогтардың жұмыс жағдайы мен мәртебесін өсіру, жоғары білім сапасын қадағалау»,-дейді Елші.

Сондай-ақ ол жастар елдің болашағы екенін айтады. Ал олардың табысты болуы үшін барлық қолайлы жағдайды қазір жасау керек. Мысалы, қазіргі кезде Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жастар арасындағы халықаралық Олимпиада ойындары табысты өтіп жатыр. Оған 57 қазақстандық атлет қатысуда.

«Сондай-ақ Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау ұсынысын ерекше қолдайтынымды айтқым келеді»,-дейді Ирина Вагнер.

Пікір қалдырыңыз