Сотталушының соңғы сөзі: Түрмеде отырған уақыт маған үлкен сабақ болды

Көрнекі фото: Liter.kz

Өз замандасы Азат Дүсіповке пышақ сұғып, қазасына себепкер болған сотталушы Бекназ Кеңшілік бүгін сотта соңғы сөзін айтты. Ертең «Алтын белгі» иегеріне қатысты сот үкімі шығады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Мен істеген әрекетіме қатты өкінемін. Маған жаза тағайындаған кезде кәмелетке толмағанымды, бұрын үлгілі, тәртіпті болғанымды, жақсы оқығанымды ескеруіңізді сұраймын. Ешқашан төбелесіп, бұзақылық жағдайларда болмадым. Түрмеде отырған уақыт маған үлкен сабақ болды. Сонымен қатар, Азаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын», — деді сотталушы Б.Кеңшілік өзінің соңғы сөзінде.

Айта кетейік, Бекназ Кеңшілік Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы «бұзақылық ниетпен» және «көрінеу кәмелетке толмаған адамды» тармақтары бойынша айыпталып жатыр. Мемлкеттік айыптаушы 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал жәбірленушілердің қорғаушысы 10 жыл бас бостандығынан айыру қажет деп санайды. Сотталушының қорғаушылары қылмыстық бапты өзгертіп, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына ауыстырады сұрады.

Пікір қалдырыңыз