Прокурор «Алтын белгі» иегерін 9 жылға бос бостандығынан айыруды сұрады

Көрнекі фото: azattyq.org

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушы Бекназ Кеңшілікке қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Жарыссөз кезінде прокурор Бекназ Кеңшілікті 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Бекназ Кеңшілікті Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі 9, 14 тармақтарына сәйкес айыпты деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырып, жазаны өтеу орнын қылмыстық атқару жүйесінің кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсізігі орташа мекемесі деп айқындауды сұраймыз», — деді мемлекеттік айыпталушы Азамат Байболатов.

Ал Азат Дүсіповтің әкесі Қазақстан заңы бойынша шешім қабылдауды сұрады.

«Пышақты тауып алдым дегені бекер әңгіме, оған сенбеймін. Менің балам үш рет ұрса, осы жерде отырмас еді. Себебі, Азат спортшы. Соңында мазақ етті. Ақша береміз деп соңымыздан қалмады. Мен ақша үшін жүрген жоқпын, баламның өмірін ақшамен есептемеймін, — деді Азат Дүсіповтің әкесі.

Айта кетейік, айыпталушы Бекназ Кеңшілік мектепті «Алтын белгімен» аяқтады.

Пікір қалдырыңыз