Автобус ісі: Жәбірленушілердің арасында кінәлілердің жазасын жеңілдетуді сұрайтындар бар

Фото: instagram/askar_aktileu

Ақтөбеде өртенген автобус оқиғасына қатысты сот процесі жалғасуда. Сотқа келе алмаған кейбір жәбірленушілердің тергеу кезінде берген жауаптары оқылды. Олардың қатарында соттан күдікті ретінде қамауға алынған кінәлілердің жазасын жеңілдетуді сұрағандар бар.

«Менің ұлым құрылыспен айналысатын, ол бізбен бірге тұрды. Қазан қаласына құрылыс жұмыстары үшін адамдар жиналып жатқанын естіп, соларға ілесті. Мен өз келісімімді бердім. Ұлым Ресейге бару үшін автобусқа мінгенін айтып, жиі хабарласып тұрды. Соңғы рет 15 қаңтар күні сөйлестік. 18 қаңтарда бізге құқық қорғау қызметкерлері келіп менің балам және басқалар мінген автобустан өрт шығып, ұлымның қайтыс болғанын айтты. 23 қаңтарда ұлымның денесін әкелді. Бұл жағдай бойынша ешкімге шағым келтірмеймін. Кінәлілердің жазасын жеңілдетуді сұраймын және моральдық шығын талап етпеймін», — дейді марқұмның әкесі Оразбек Нишонов.

Қазір 52 томнан тұратын қылмыстық істің 33-ші томы зерттеліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз