Ақтөбеде жоғалып кеткен бір үйір жылқы табылды

Көрнекі фото: goferma.ru

Ақтөбеде жоғалып кеткен 24 бас жылқы табылды. Жылқыны жайылып жүрген жерінен айдап кеткен.

Ақтөбеде бір үйір жылқының жоғалғаны туралы хабар полицияға түсті. Жедел іздестіру кезінде Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жайылып жүрген жылқыны сол ауданның тұрғыны айдап кеткені белгілі болды.

«Хромтау ауданының тұрғыны өз шаруашылығындағы жылқының жоғалып кеткенін хабарлады. Іздеу жұмыстарын кезінде жылқы Әйтеке би ауданынан табылды. Жылқы сол маңда жайылып жүрген. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, ұрланған мал иесіне қайтарылды. Қылмыстық Кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз