Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауады

Көрнекі фото: 24.kz

Ақтөбе облысында 12-13 қазан күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы күндері ауа температурасы 10 градус жылы болады, түнде үсік жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетеді. 12-13 қазанда облыстың солтүстік аудандарында қар аралас жаңбыр жауады. 12 қазанда Ақтөбеде өткінші жаңбыр жаууы ықтимал», — деп атап өтті Ақтөбедегі Қазгидромет бөлімінің синоптигі Гүлсая Закария.

Пікір қалдырыңыз