Ақтөбеде І-топ мүгедегі халыққа қызмет көрсетіп жүр

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал қызметкері Айман Бисенова өз қатарынан алда. І-топ мүгедегі 10 жылдан бері халықтың сұранысымен жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы «Біз азаматтарға арналған Үкіметпіз» акциясы кезінде қызметкер Айман Бисенова туралы айтып берді. Ол 2006-2016 жылдары аралығында Қызылорда облысы, Арал қалалық Мүгедектерді қорғау мен қолдау бірлестігінің төрайымы болып, 2016 жылы Ақтөбеге қоныс аударды. Қазір ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның Ақтөбе облыстық филиалында кеңесші болып жұмыс істейді.

«Ол өзіне-өзі қызмет көрсету секторында кеңесші болып қызмет атқарады. Қарақат атты қызы бар. Баласы үшін анасы талмай еңбек етіп, алға ұмтылып келеді. Айман тағдырдың сынақтарына сабырлықпен қарап, жұмыста өзінің қарапайым мінезімен ерекшеленіп, үнемі халыққа пайдасын тигізуге күш салады. Кеңпейілдігі үшін қызмет алушылар оған ерекше ықыласпен қарайды, ұжымда да аса сыйлы маман. Сабырлығы онымен сөйлесіп тұрған адамға да берілетіндей сезіледі. Кез келген уақытта алдына келген адамның ашуын, мысын да баса біледі», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының бөлім басшысы Асхат Оразбаев.

Пікір қалдырыңыз