Ақтөбе облысында 9 жастағы бала токқа түсіп, екі қолынан айырылды

Шалқар ауданы №2 мектеп гимназиясының 4 сынып оқушысы ойнап жүріп токқа түсіп қалды. Қайғылы жағдай 5 қазан күні болған.

Мектеп ауласындағы трансформаторға кіріп, токқа түсіп қалған бала екі қолынан айырылған. Аудандық білім бөлімінің басшылары баланың жазатайым жағдайға сабақтан тыс кезде тап болғанын хабарлайды.

«Алты сабақтан шыққан бала сағат 12:30 шамасында үйіне барып, мектеп ауласына қайтып келеді. Бала ойнап жүріп трансформатордың ішіне кірген. Оқиға жергілікті уақыт 14:00 шамасында болды. Трансформатордың жан-жағы қоршалған. Қоршауға өрмелеп секіріп, есігі құлыптаулы тұрған трансформаторды тартқан. Қалай кіргенін білмеймін. Астынан қуыс ашылғанда сол жерден кіріп тұр. Бала токқа түскенде шырылдап жылаған дауысын естіп мұғалімдер барған. Оқушыны 7 қазан күні ұшақпен қалаға алып кетті. Баланың жағдайы тұрақты. Кеше ота жасалған. Ата-анасымен байланыс орнатып отырмыз», — деп хабарлайды Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Әбдіков.

Пікір қалдырыңыз