Ақтөбелік ғалымдар ғылыми еңбектерін университет жанындағы дүкен арқылы сата бастады

Ақтөбеде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дүкені ашылды. Мұнда ARSU логотипімен киім-кешек және оқытушылардың кітабы, студенттердің қолөнер бұйымдары сатылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Университет ішіндегі дүкенде оқытушылардың кітаптары қойылған. Сонымен қатар, ARSU логотипімен кеңсе заттары, киім-кешек, студенттер жасаған әшекей бұйымдар да сатылымға шығарылды.

«Алғашқы күні сатылған бұйымдардан түскен қаржы қайырымдылық шарасына жұмсалады. Негізі біз оқытушылардың жазған еңбектерін, монографиялары мен ғылыми кітаптарын сатуға мүмкіндік береміз. Мұнда студенттер жасаған қолөнер бұйымдары, әшекейлер де бар. Кәдесыйлар сатып алуға болады. Бұл имидждік жұмыс», — деп хабарлады университет әкімшілігінен.

Пікір қалдырыңыз