Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп директорын іздеуге еріктілер қосылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен директорды іздеуге еріктілер қосылды. Қазір қайық, сүңгуір киімі қажет, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық ІІД, ТЖД және Алға ауданы Қарақұдық ауылының тұрғындары шаруашылықтағы плотина жағасында жүр. Ауыл жағалауды түгел тінтіп шығып, жоғалып кеткен Бақтыгерей Тәжмағамбетов пен Нұржан Махановтың сырт киімдерін тауып алған. Бірақ көлік пен қайық иесіз қалды.

«Біз Қарақұдық ауылына бара жатырмыз. Еріктілер 3 көлікке мінді. Іздеу жұмыстарына кәмелетке толғандар ғана алынды. Біз үшін қайық, сүңгуір киімі бар адамдар маңызды. Себебі, адамдарды су астынан іздеу жұмысы жүріп жатыр. Кез келген адам келіп, біздің қатарымызға қосыла алады. Жоғалып кеткен адамдардың туған-туыстары барлығынан көмек сұрады», — деді ерікті Екатерина Голотина.

Пікір қалдырыңыз