Ақтөбеде жоғалғанына төрт күн болған директорға қатысты дерек шықты (фото)

Ақтөбе облысының Алға ауданында балық аулауға шығып, із-түзсіз кеткен мектеп директорына қатысты деректер шықты. Төрт күн бойы табылмаған азаматтың көл жағасында отырғанын көрген куәгерлер бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарақұдық орта мектебінің директоры Бақтыгерей Тәжмағанбетовтен төрт күннен бері хабар жоқ. Директор сенбі күні балық аулауға шыққаннан қайтып оралмаған.

«Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлі хабар жоқ. Мектеп директоры сенбі күні түстен кейін қасына бір адам ертіп балық аулауға шыққан. Оның көл жағасында отырғанын адамдар көрген. Кейін қайыққа мініп кеткен», -дейді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Пікір қалдырыңыз