Ақтөбе: Назарбаев зияткерлік мектебінің іс тәжірибесі басқа мектептерге енгізіледі

Ақтөбедегі жаңадан ашылған мектептерді министрліктен келген маман аралап жүр. Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова Ақтөбеге мұғалімдерге Жолдауды түсіндіруге келген.

«Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша Ақтөбе облысына келдім. Бірқатар педагогикалық ұжымдармен кездестім. Жаңадан ашылған №41 гимназия ұжымымен кездесіп, жаңартылған білім беру мазмұнын қарап шықтым. Министрліктің алға қойып отырған жоспары — мектепке дейінгі орта білім саласында педагогтардың дәрежесі бойынша еңбекақыны көтеру жұмыстары жалғасады. Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс тәжірибесі басқа мектептерге енгізіледі», — дейді Шолпан Карина.

Басшы білім министрлігінде атқарылып жатқан шараларды да атап өтті.

«Қазіргі уақытта министрлікте келесі жылғы оқулықтар дайындалу үстінде. Бағдарламалар да әзір. Ерекше айтатын мәселе — Елбасы айтқан мұғалім мәртебесі жөніндегі заңға қатысты жұмыстар басталып кетті. Үлкен жұмыс топтары құрылды. 2019 жылы осы заң жобасы енгізілетін болады», — дейді Шолпан Карина.

Пікір қалдырыңыз