Ақтөбеде мал шаруашылығына 5 миллиард теңгеден астам субсидия беріледі

Көрнекі фото: Agroinfo.kz

Ақтөбеде егін, мал шаруашылығымен айналысып жатқан шаруалар мемлекеттен әр гектары мен мал басына субсидия алып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбеде мал шаруашылығына судсидия беру үшін 5,6 миллиард теңге қарастырылған. Егін шаруашылығына 1,3 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Сонымен қатар, 2,4 миллиард теңге инвестсубсидия, 699 миллион теңге пайыздық үстемеақыны төмендетуге бөлініп отыр. Субсидияның барлығын шаруалар өз уақытымен алып жатыр», — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Агроөнеркәсіп кешеніне бұрын 54 түрлі субсидия берілсе, биыл қысқарды. Мәселен, мал шаруашылығына берілетін субсидияның ережесі 4 қыркүйекте белгілі болды. Егін шаруашылығымен айналысатындар тұқым, тыңайтқыш, гербицид сатып алғаны үшін ғана субсидия алып жатыр. Тыңайтқышқа арналған субсидия электронды түрде іске бөлінді.

«32 шаруашылық тыңайтқыш сатып алғаны үшін 180 миллион теңге субсидия алды. Ал 5300 тонна тұқым салып алған шаруаларға 246 миллион теңге берілді. Гербицидке 220 миллион теңге бөлінді. Әлі де ақша бар. Қараша айында үлестіріледі. Мал шаруашылығына бөлінген 5,6 миллиард теңгенің 1,7 миллиард теңгесі қалды. Тағы да 2 миллиард теңгеден астам ақша сұралды. Негізі Ақтөбе 10 мың бас мал сатып алу керек болса, тек 6 мың бас ірі қара келді. Жыл соңына дейін жоспар орындалады», — деді Құсайын Сәрсембай.

Пікір қалдырыңыз